Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі № 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗБөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі № 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі № 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі № 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 16-2
- Дата принятия
- 25.08.2009
- Показанная редакция
- 22.12.2015 · действующая 47680_226690.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 22.12.2015
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09ZD000090
- Идентификатор ЭКБ
- 47680
- Идентификатор редакции
- 47680_226690
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:30
0 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі N 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабымен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынбасына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 14 шілдедегі N 7-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-4-68 болып тіркелген, 2008 жылғы 13 қыркүйекте "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған), "Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 қарашадағы N 10-2 "Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 14 шілдедегі N 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-4-78 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Орда жұлдызы" газетінде N 52 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 8-тармағындағы "Дәрігердің жолдамасымен облыс орталығына барып тексерілген, өкпе ауруымен ауыратын азаматтар" деген сөздер "Сүйемелдеу фазасында жүрген туберкулез ауруымен емделіп жатқан ауруларға нақты дәрігер тізімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "1-қосымшаның 8-тармағы бойынша тексерілген жағдайда табыстары есептелмей, жолақысы мен тамақтануына нақтылы төлем шығыны төленеді" деген сөздер "Сүйемелдеу фазасында жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жылына бір рет 15 есе ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек тағайындалсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін атқарғаны үшін, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған әскерге шақырылған адамдар.";
2-қосымша 7-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 1-қосымшаның 9-тармағы бойынша тексерілген жағдайда 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын материалдық көмек тағайындалсын.".