Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру
ҚАЗКөкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру
- Наименование (каз.)
- Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 737
- Дата принятия
- 10.12.2007
- Показанная редакция
- 10.12.2007 · действующая 36995_378721.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 10.12.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07VO000031
- Идентификатор ЭКБ
- 36995
- Идентификатор редакции
- 36995_378721
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:41
0 Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге дақырылушыларды әскери есепке алуды жургізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында, Көкпекті ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (М.Д. Садықов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
1 1) Заңмен белгіленген мерзімде 1991 жылғы туған азаматтардың шакыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу;
2 2) 1991 жылы туған азаматтарды есепке тіркеу алдында ауданның селолық округ әкімдерімен бір күндік нұсқаулық-әдіскерлік сабақтар өткізу;
3 3) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде «ВС», «ВТР», «БАТ» санаттарының жүргізушілерін дайындау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу;
4 4) «Көкпекті ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрліктерінің әскери-техникалық оқу орындарына кандидатарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру.
2 2. Меншік түріне және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар,
мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта және қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.