«2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы»
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- «2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы»
- Наименование (каз.)
- «2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы»
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 427
- Дата принятия
- 27.12.2007
- Показанная редакция
- 27.12.2007 · действующая 37265_301912.kaz
- Последнее изменение
- 27.12.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07UC000052
- Идентификатор ЭКБ
- 37265
- Идентификатор редакции
- 37265_301912
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:20
0 «2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне әскери тіркеуге алуды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізу үшін, мына төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы - қалалық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Сейтметова Айсұлу Мараимқызы - қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мушелері:
Нақыпов Молдабай Зайырұлы - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісімі бойынша);
Елеусізов Оспан Хұсайынұлы - дәрігер, медициналық комиссияның
төрағасы (келісімі бойынша);
Пермитина Галина Петрқызы - комиссия хатшысы.
2 2. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығына (Сандыбаев Ә.Т. -келісімі бойынша):
1 1) Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша,
азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу аумағын медициналық
құралдармен қамтамасыз ету;
2 2) шақыру учаскелеріне тіркелетін шақырушылардың дер кезінде тексеруден өткізілуіне дәрігер мамандар құрамын құрып, бекіту;
3 3) медициналық куәландыруға қатысушы дәрігерлерді еңбек орны мен орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жіберуді ұйымдастыру;
4 4) әскерге шақырылғанға дейін қалалық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігерлерімен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспарына сәйкес сабақтар өткізу ұсынылсын.
3 3. Кентау аудандық электр жүйесі (Көлбаев Құрбанәлі - келісімі бойынша):
Әскери тіркелу жүргізу кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін сағат 9 00 ден 18 00—ге дейін электр жүйесімен үздіксіз қамтамасыз ету ұсынылсын.
4
4. Қалалық білім беру бөлімінің бастығына (Зейдуллаұлы Б.), №7 кәсіптік- техникалық мектептің директорына (Адыршаев С. А. - келісімі бойынша), Кентау көпсалалы колледж директорына (Әбдірахманов С.Т. - келісімі бойынша), қала оқу орындарында оқитын жасөспірімдерді тіркеуден ұйымшылдықпен өткізуге жәрдем жасау ұсынылсын.
5 5. Елді мекен және ауыл әкімдері шақыру учаскелерінде тіркелуге тиісті жасөспірімдер тізімін 2008 жылдың қаңтарына қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын және кесте бойьнша
уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
6 6. Қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Нұржанов Н.А.) 1991 жылы
туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу үшін қажетті қаржы көздерін қарастырсын.
7 7. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17-бабының 8-тармақшасына сәйкес, азаматтар әскерге есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.
8 8. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары
Әлімбетов Бегайдар Әлиярұлына жүктелсін.
9 9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізілсін.