2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 09
- Дата принятия
- 11.02.2008
- Показанная редакция
- 11.02.2008 · действующая 38018_286358.kaz
- Последнее изменение
- 11.02.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08MD000052
- Идентификатор ЭКБ
- 38018
- Идентификатор редакции
- 38018_286358
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:01
0 2008 жылдың қаңтар-наурыз
айларында 1991 жылы туылған
азаматтарды шақыру учаскесіне
тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңына, Облыс әкімінің 2007 жылғы 07 желтоқсандағы №450 «Маңғыстау облысы аудандарының және қалаларының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері мен басқармасының шақыру учаскелеріне 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2008 жылдың қаңтар- наурыз айларында жүргізілсін.
2 2. Шақыру учаскесі Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің базасында ұйымдастырылсын (Ж.Дуйсенов- келісім бойынша).
3 3. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары:
1991 жылы туылған және бұдан бұрын тіркеуден өтпеген азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
4 4. Аудандық ауруханаға (Б.Т. Төлешов – келісім бойынша), аудандық емханаға (С.Умбеталина- келісім бойынша), шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюрографиядан,электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5 5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Құсайыновқа (келісім бойынша):
1 1) Тіркеу жүргізу кезінде қорғаныс істер жөніндегі бөліммен Ж.Дүйсенов - келісім бойынша) бірлесіп әскерге шақыру учаскелерінде ереже мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
2 2) Аудан көлеміндегі шақыру учаскелеріне азаматтардың толықтай келуін бақылауға алып, олардың тіркеуден бас тартуына жол берілмеуін қадағалау ұсынылсын.
6 6. Жаңаөзен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Д.Қоңқаев (келісім бойынша) 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркелгендігі жөнінде аудан әкімі аппаратына ақпарат беру ұсынылсын.
7 7. Осы шешімнің орындалсын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Суйеуоваға жүктелсін.
8 8. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің орынбасары
Г.Суйеуова_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Жаңаөзен қаласының қорғаныс істеру
бөлімінің бастығы
_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Аудандық аурухана бас дәрігері
Б.Т.Тулешов_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Аудандық емхананың бас дәрігері
С.Умбеталина _______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Қ.Құсайынов_______ «__»_______ 2008ж.
(қолы)