Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 шілдедегі VII сессиясының N 68 "Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жәйлі
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 шілдедегі VII сессиясының N 68 "Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жәйлі
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 шілдедегі VII сессиясының N 68 "Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жәйлі
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 114
- Дата принятия
- 29.01.2009
- Показанная редакция
- 28.04.2012 · действующая AI44535_1.kaz
- Последнее изменение
- 28.04.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09CK000058
- Идентификатор ЭКБ
- 44535
- Идентификатор редакции
- AI44535_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:54
0 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 21 шілдедегі VII сессиясының N 68 "Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жәйлі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV "Бюджеттік Кодексінің" 56-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 474 "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" Заңына және аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы ХII сессиясының "Ойыл ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" N 98 шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың Ойыл аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 7 тамызда N 3-11-49 тіркелген 2008 жылғы 14 тамыздағы "Ойыл" газетінің N 2 жарияланған "2008 жылғы 21 шілдедегі VII сессиясының N 68 "Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің 1-ші тармағындағы "отбасына айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыз мөлшерінен аспайтын көлемде төленсін" деген сөз "отбасына айлық есептік көрсеткіштің 1,5 пайыз мөлшерінен аспайтын көлемде төленсін" деген сөзбен ауыстырылып, өзгертілсін.
2 2. Осы шешім әділет басқармасында тіркеліп, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
К.Қазмағамбетов Б. Бисекенов