Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 16-5
- Дата принятия
- 27.07.2009
- Показанная редакция
- 15.04.2010 · действующая AI47376_1.kaz
- Последнее изменение
- 15.04.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09ZK000097
- Идентификатор ЭКБ
- 47376
- Идентификатор редакции
- AI47376_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:40
0 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-66 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы аудандық "Екпін" газетінде жарияланған), (аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-5 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 6-3 "Тасқала ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу Қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-86 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы аудандық "Екпін" газетінің 17 нөмірінде жарияланған) шешімімен толықтыру енгізілген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
Қағиданың 1 абзацындағы "Заңына" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын;
Қағиданың I тарауының 3 тармағындағы "есепке алынады" деген сөздерден кейін "және тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда төленеді" деген сөздермен толықтырылсын;
Қағиданың 3 тармағы "Ауданда тұрақты өмір сүретін аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға кеткен шығындармен қоса телефон үшін жыл бойғы абоненттік төлемақы шығындары бірге есептеледі." деген 3-1) тармағымен толықтырылсын;
Қағиданың II тарауының 9 тармағындағы 6 жолда "анықтама (түбіртектер)" деген сөздерден кейін "абонент болып табылатынын растайтын құжат (шарт немесе телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот)" деген сөздермен толықтырылсын.