Талғар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 ақпандағы N 02-373 қаулысына өзгерістерді және толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Талғар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 ақпандағы N 02-373 қаулысына өзгерістерді және толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Талғар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 ақпандағы N 02-373 қаулысына өзгерістерді және толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 05-296
- Дата принятия
- 28.05.2009
- Показанная редакция
- 09.03.2017 · действующая 46522_209580.kaz
- Последнее изменение
- 09.03.2017
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09DR000087
- Идентификатор ЭКБ
- 46522
- Идентификатор редакции
- 46522_209580
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:00
0 Талғар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 ақпандағы N 02-373 қаулысына өзгерістерді және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4 тармағына, 18-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 " Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы " Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан әкімінің 29 ақпандағы 2008 жылғы N 02-373 "2008-2010 жылдары Талғар ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының 2 тармағына толықтыру енгізілсін және келесі мазмұнда жазылсын:
4-тармақшасы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес жұмыссыздар есебінде тұратын халықтың нысаналы әлеуметтік топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін, мемлекеттік мекемесі "Талғар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" (Тазабеков Чапай Кәкімұлы)".