Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗАудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 190
- Дата принятия
- 30.07.2010
- Показанная редакция
- 30.09.2010 · действующая 54139_201807.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 30.09.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10ZK000126
- Идентификатор ЭКБ
- 54139
- Идентификатор редакции
- 54139_201807
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:39
0 Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) Осы қаулымен бекітілген 10 қосымшасы 3-тармағының 3-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
"Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 23-3 шешімімен бекітілген "Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы" туралы шешімі.";
2 2) 5-тармағындағы "келісімшарт беру" деген сөздер "шешім қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) 12-тармағының 5-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
"кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот; жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқару орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот:";
4 4) 12-тармағының 6-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
"аз қамтылған отбасы екенін растайтын "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен анықтама, отбасы құрамы туралы ауылдық округ әкім аппаратынан анықтама;";