2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 239
- Дата принятия
- 28.11.2007
- Показанная редакция
- 28.11.2007 · действующая 36223_325504.kaz
- Последнее изменение
- 28.11.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZK000054
- Идентификатор ЭКБ
- 36223
- Идентификатор редакции
- 36223_325504
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:45
0 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 5 бабын, 7 бабының 2 тармақшасын басшылыққа алып, нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік қорғау және оларға жұмысқа орналасу құқығын көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі қосымшаға және 2008 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Р.С. Мусалимоваға белгіленген шаралар бойынша ең алдымен нысаналы топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету жүктелсін.
3 3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 27 қарашадағы “2007 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы” № 322 қаулысының (мемлекеттік тіркеу № 7-11-39 13.12.2006 ж.) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төкешева Айгүл Әдиетқызына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.
6 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 28 қарашадағы
№239 қаулысына
1 қосымша
2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтардың тізбесі:
1 1. Табысы аз адамдар;
2 2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата- аналар;
5 5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар /жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған/;
7 7. Мүгедектер;
8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10. Оралмандар;
11 11. Жұмыссыздар.
18 2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар:
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 28 қарашадағы
№239 қаулысына
2 қосымша
2008 жылға нысаналы топтарға жататын азаматтарды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар:
№
Іс - шаралар
Барлығы, адам саны
Соның ішінде нысаналы топ, адам саны
1
Жұмысқа орналастыру
370
185
2
Қоғамдық жұмыстарға жіберу
380
190
3
Бастапқы даярлауға, байта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу барлығы
50
25
Соның ішінде:
- бастапқы даярлау
- қайта даярлау
- біліктілігін арттыру
15
30
5
10
13
2
4
Әлеуметтік жұмыс орындарыңа жіберу
60
60