Перейти к тексту документа

2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы

Иной акт · № 34 · принят 25.12.2007
Юридическая сила: Действует · редакция от 25.12.2007
https://adilet.kz/ru/laws/2008-ekb-36811/?version=36811_320384.kaz
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы Действует Иной акт ·№ 34 ·25.12.2007

2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы

ҚАЗ2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы

Действует Иной акт ·№ 34 · принят 25.12.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Наименование (каз.)
2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
34
Дата принятия
25.12.2007
Показанная редакция
25.12.2007 · действующая 36811_320384.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
25.12.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07UC000050
Идентификатор ЭКБ
36811
Идентификатор редакции
36811_320384
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:23

0 2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына және 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес Кентау қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Кентау қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1 1) кірістер - 1896085,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 332015,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1406,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 35000,0 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 1527664,0 мың теңге;

2 2) шығындар - 1885085,0 мың теңге;

3 3) операциялық сальдо - 11000,0 мың теңге;

4 4) таза бюджеттік кредит беру - 0;

5 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 11000,0 мың теңге;

6 6) бюджет тапшылығы - 0;

7 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 0.

2 2. 2008 жылы салық түсімдерінен қаланың бюджетіне жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып бекітілсін.

3 3. Қала әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 28000,0 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

төтенше резерві - 4000,0 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерві - 8000,0 мың теңге;
соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві - 16000,0 мың теңге.

4

4. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабына сәйкес 2008 жылға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.

5

5. 2008 жылға арналған қалалық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталатын бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6 6. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7 7. Кентау қаласының елді-мекен және ауылдық әкімдері аппаратының 2008 жылға арналған шығындары 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

8 8. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.