2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 8/1
- Дата принятия
- 23.01.2008
- Показанная редакция
- 23.01.2008 · действующая 37381_237623.kaz
- Последнее изменение
- 23.01.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08PI000069
- Идентификатор ЭКБ
- 37381
- Идентификатор редакции
- 37381_237623
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:10
0 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмысты қаржыландыру және ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 260 жұмыссыздар үшін мекемелермен келісім-шарт бойынша қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.
2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың саны бекітілсін (1 қосымша).
3 3. Қоғамдық жұмыс түрлері бекітілсін (2 қосымша)
4 4. Мақсатты топтағы жұмыссыздар үшін толық еңбек ақы төлемімен 24 сағаттық (36 сағат және одан әрі) жұмыс аптасын және оралымды жұмыс кестесін қарастырсын:
төрт және одан да артық кәмелетке толмаған асыраушысы бар көп балалы аналар;
3 топ мүгедектері;
дәрігерлік – кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтар.
5 5. 3 топ мүгедектері қатарындағы жұмыссыздар мен дәрігерлік кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтарды денсаулық жағдайларына байланысты медициналық мекемелер ұсынған қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
6 6. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға республикада белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес еңбек ақы белгіленсін.
7 7. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға 6 айға дейін қатысу мерзімін ұзарту үшін қаржы қарастырсын.
8 8. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
9 9. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
10 Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар мен мекемелердің ТІЗБЕСІ
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
«2008 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 8/1 қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар мен мекемелердің
ТІЗБЕСІ
№
Селолық
округтардың
атауы
Жұмыс беруші – лердің аты – жөні
Қоғамдық
жұмысқа
жіберілетін
жұмыссыз -
дар саны
Шығын
сомасы
(мың
теңге)
1
Восточный селолық округ
Омаров Қ.С.
25
918
2
Жамбыл селолық округі
Айтуғанов Н.Ғ.
24
886
3
Қазы селолық округі
Жазитов Б.Қ.
10
367
4
Қызылағаш селолық округі
Шотова С.Ш.
10
367
5
Қызыләскер селолық округ
Тағлымов Т.Ғ.
25
918
6
Лебяжі селолық округ
Халлемов С.Т.
61
2283
7
Майқарағай селолық округ
Айғазинов А.Р.
10
367
8
Малыбай селолық округі
Дюсенов Е.Қ.
15
551
9
Шарбақты селолық округі
Нұрғалиев Р.Қ.
20
736
10
Шақа селолық округі
Сейтебаев Қ.Б.
10
367
11
Ямышево селолық округі
Омаров М.Ә.
25
918
12
Аудандық ұйымдар мен кәсіпорындар
25
918
13
Барлығы:
260
9596
11 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
«2008 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 8/1 қаулысына 2 қосымша
2008 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері