2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 50
- Дата принятия
- 28.01.2008
- Показанная редакция
- 28.01.2008 · действующая 37673_180649.kaz
- Последнее изменение
- 28.01.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08NF000073
- Идентификатор ЭКБ
- 37673
- Идентификатор редакции
- 37673_180649
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:08
0 2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Мекемелердің басшылары қосымшада көрсетілген жұмыс түрі мен көлемдеріне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шартқа отыру көзделсін.
3 3. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмыссыздардың атқарған ақылы қоғамдық жұмыстарының түрлері мен көлемдеріне және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақыларын бақылап отыру тапсырылсын.
4 4. Мекемелермен келісім шартқа отыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
5 5. "Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) ақылы қоғамдық жұмыстарға сәйкес істелінген жұмыс түрлері мен көлемдеріне еңбек ақы есептейтін болсын.
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Аманкелді ауданы бойынша салық
комитеті" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________ Е. Карбозов
"Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
_____________________ Ж. Құсайнов