2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 39-III
- Дата принятия
- 21.12.2007
- Показанная редакция
- 21.12.2007 · действующая 37795_331540.kaz
- Последнее изменение
- 21.12.2007
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07TH000114
- Идентификатор ЭКБ
- 37795
- Идентификатор редакции
- 37795_331540
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:30
0 2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13), 15) тармақшаларын басшылыққа алып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 338-бабының 1-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №1703 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Салық кодексінің 329-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге және 334-бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары аудан бойынша 2008 жылға 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №301-XXXIY «Ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары туралы» (аудандық әділет басқармасында 2006 жылы 25 желтоқсанда №4-8-65 мемлекеттік тіркелген, аудандық «Серпер» газетінде 2007 жылы 10 қаңтарда 2 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылсын.
3 3. Осы шешім 2008 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енгізілсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттын экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш.Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Ғ.Мырзағалиев