2008 жылы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 02/02
- Дата принятия
- 28.01.2008
- Показанная редакция
- 28.01.2008 · действующая 38090_305470.kaz
- Последнее изменение
- 28.01.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08KJ000059
- Идентификатор ЭКБ
- 38090
- Идентификатор редакции
- 38090_305470
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:08
0 2008 жылы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтоғай ауданы бойынша 2008 жылы жалпы жұмыс орындарының үш пайызы көлеміндегі квотаға сәйкес мүгедектерге арналған жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің тізімі, ондағы жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Бекітілген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (Түсіпбеков А.) жолдамасы арқылы жүргізілсін.
3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Абеуоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күн өткен соң қоолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі
А.Түсіпбеков
28 қаңтар 2008 жыл
Ақтоғай орман және жануарлар әлемін
қорғау жөніндегі шаруашылығы
мемлекеттік мекемесінің директоры
Қ.Ғалиханов
28 қаңтар 2008 жыл
Ақтоғай аудандық медицина бірлестігінің
директоры
Р.Жарылғасынов
28 қаңтар 2008 жыл
5 Ақтоғай ауданы бойынша 2008 жылы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленетін кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың тізімі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 28 қаңтардағы
№ 02/02 қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша 2008 жылы мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленетін кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың тізімі
№
Кәсіпорын, мекеме, ұйым атауы
Квота бойынша жұмыс орындарының саны
1
Ақтоғай орман және жануарлар әлемін
қорғау жөніндегі шаруашылығы
мемлекеттік мекемесі
1
2
№14 кәсіптік мектеп
1
3
Ақтоғай аудандық медицина бірлестігі
1
Барлығы
3