Перейти к тексту документа

Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Постановление · № 494 · принят 06.03.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 19.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2008-ekb-38568/on/2026-08-19/
Напечатано 2026-08-19 · adilet.kz
Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 494 ·06.03.2008
Редакция от 29.05.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 19.08.2026: от 29.05.2008. Это последняя редакция в корпусе.

Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 494 · по состоянию на 19.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Наименование (каз.)
Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
494
Дата принятия
06.03.2008
Показанная редакция
29.05.2008 · действующая 38568_167502.kaz
Последнее изменение
29.05.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZA000084
Идентификатор ЭКБ
38568
Идентификатор редакции
38568_167502
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:54

0 Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасының қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында өткізілсін.

2 2. 1 қосымшаға сәйкес қалалық шақыру комиссиясының құрамы құрылып, бекітілсін. қалалық шақыру комиссиясының құрамында қалалық медициналық комиссия құрылсын.

3 3. Шақыру учаскесі Орал қаласы, Евразия даңғылы, 100 мекенжайында орналасқан Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының II қабатында ұйымдастырылсын.

4 4. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу кестесі (2 қосымша) мен шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеру үшін орындар бөлетін емдеу мекемелерінің тізімі (3 қосымша) бекітілсін.

5 5. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің директорына (келісім бойынша) әскери қызметке шақыру кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелерінің басшылары:

1 1) әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық тексеруден өткізу үшін 1 қосымшаға сәйкес дәрігер мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін;

2 2) аталған дәрігерлер мен медбикелер ауырып қалған жағдайда оларды дәл сондай мамандармен алмастыруды ұйымдастырсын;

3

3) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтардың 100 пайыз тегін флюрографиялық тексеруден өтуін, қан тобы мен ЖҚТБ-ге реакциясын анықтау үшін анализ алынуын, жүректері электрокардиограммаға түсірілуін, шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелері негізінде жалпы клиникалық анализ өткізілуін қамтамасыз етсін;

4 4) шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеру үшін орындар бөлетін емдеу медициналық мекемелерінің тізімін 3 қосымшаға сәйкес орын белгілесін;

5 5) шақыру комиссиясы тексеруге жіберген әскерге шақырылушыларды дәрігерлер кезектен тыс қабылдасын.

7 7. Ұйымдардың және мекемелердің басшыларына әскерге шақырылушылардың шақыру учаскесіне жеке шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

Іссапарда, демалыста жүрген әскерге шақырылушылар шақырылып алынсын және олардың шақыру учаскесіне келуі қамтамасыз етілсін.

8

8. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы 2008 жылғы 1 сәуірден 31 желтоқсанға дейінгі және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырып, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жұмыссыз азаматтар қатарынан 45 адам жіберуді қамтамасыз етсін.

9 9. Орал қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды шақыру мен әскерге жөнелтуді ұйымшылдықпен өткізу тәртібін қамтамасыз етсін.

1 1) Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 2008 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін полиция нарядын бөлсін.

2 2) Әскери міндетті атқарудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіріп, ұстасын.

10 10. Аталған іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылсын.

11

11. Орал қаласы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2007 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 2007 жылғы 15 наурыздағы N 531 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-63 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 5 сәуірдегі "Жайық үні" газетінің 14 нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.

12 12. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

13 13. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Л. Тоқжановқа және Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Д.Ж.Ғалеевке жүктелсін.

21 Комиссия мүшелері:

1 қосымша
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 6 наурыздағы
N 494 қаулысымен бекітілді
Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы
Ғалеев Данияр Жақсылықұлы   - Орал қаласының қорғаныс
                                    істері жөніндегі
                                    басқармасының бастығы,
                                    шақыру комиссиясының төрағасы
Ақболатов қайрат Мұхаметұлы - Орал қаласы әкімі аппаратының
                                    басшысы, комиссия төрағасының
                                    орынбасары
Комиссия мүшелері:
Амангелдіұлы Нұрсұлтан      - Орал қаласының ішкі істер
                                    бөлімі бастығының орынбасары
                                    (келісім бойынша)
Дәулетқалиев Жангелді       - N 1 қалалық емхананың дәрігер
      Хамзейұлы                     - невропатологі, медициналық
                                    комиссия төрағасы
Құнарова Жібек              - N 4 қалалық емхананың
      қабдырахымқызы                медбикесі, комиссия хатшысы
Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік)
құрамы
Мифтахов Виталий Сабирович  - Орал қаласының қорғаныс
                                    істері жөніндегі басқармасы
                                    бастығының орынбасары,
                                    қалалық шақыру комиссиясының
                                    төрағасы
Сұлтанов Абат Тағаұлы       - Орал қаласының ауыл
                                    шаруашылық бөлімі бастығы,
                                    қалалық шақыру комиссиясы
                                    төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Жалмурзиева Айжан           - медбике (шарт бойынша)
                                    комиссия хатшысы
Сарбасов Есбол Аронұлы      - дәрігер-хирург (шарт
                                    бойынша), қалалық медициналық
                                    комиссия төрағасы
Жұмашев Еділхан Нұртазаұлы  - Орал қаласының ішкі істер
                                    бөлімі бастығының
                                    орынбасары (келісім бойынша)
Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ. 8.30-дан 12.30-ға дейін белгіленсін.
Қалалық медициналық комиссияның
құрамы
Медициналық комиссиянық төрағасы, дәрігер
дәрігер-мамандар:
Хирург
Көз дәрігері
Нарколог
Невропатолог
Тері венеролог
Дерматолог
Рентгенолог
Тіс дәрігері
Отоларинголог
Терапевт
Психиатр
Орта буын медицина қызметкерлері:
Көз дәрігерініқ медбикесі
Терапевт дәрігердің медбикесі
Отоларинголог дәрігердің медбикесі
Рентгенолог дәрігердің медбикесі
Психиатр дәрігердің медбикесі
Нарколог дәрігердің медбикесі
Тіс дәрігерініқ медбикесі
Невропатолог дәрігердің медбикесі
Дерматолог дәрігердің медбикесі
Фтизиатрдың медбикесі
Медбикесі
Медбикесі

22 Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу кестесі

2 қосымша
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 6 наурыздағы
N 494 қаулысымен бекітілді
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу
кестесі
N р/с
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма
Комиссиянық жұмыс күндері, уақыты

8:30-дан 12:30-қа дейін
сәуір
мамыр
маусым
қазан
қараша
желтоқсан
1.
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма
1,2,3,4,
5,7,8,9,
10,11,14
15,16,17
18,21,22
23,24,25
28,29,30
2,3,5
6,7,8
12,13,
14,15,
16,19,
20,21,
22,23,
26,27,
28,29,
30
2,3,4,
5,6,7,
9,10,
11,12,
13,16,
17,18,
19,20,
23,24,
25,26,
27,30
1,2,3,6,
7,8,9,
10,13,
14,15,
16,17,
18,20,
21,22,
23,24,
27,28,
29,30,31
3,4,5,
6,7,8,
10,11,
12,13,
14,17,
18,19,
20,21,
24,25,
26,27,
28
1,2,3,4,
5,8,9,10,
11,12,15,
17,18,19,
20,22,23,
24,25,26,
29

23 3 қосымша

Орал қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 6 наурыздағы
N 494 қаулысымен бекітілді
Шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды стационарлық
және амбулаториялық тексеру үшін орындар
бөлетін емдеу медициналық мекемелерініқ
тізімі

1 1."N 1 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

2 2."N 2 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

3 3."N 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

4 4."N 4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

5 5. "Медициналық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

6 6. "Батыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспансер" мемлекеттік мекемесі.

7 7. "Батыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансер" мемлекеттік мекемесі.

8 8. "Батыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансер" мемлекеттік мекемесі.

9 9. "Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік мекемесі.

10 10. "Батыс Қазақстан облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Действующая