Перейти к тексту документа

2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 103 · принят 09.04.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2008-ekb-39139/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 103 ·09.04.2008
Редакция от 09.04.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 09.04.2008. Это последняя редакция в корпусе.

2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 103 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
103
Дата принятия
09.04.2008
Показанная редакция
09.04.2008 · действующая 39139_318127.kaz
Последнее изменение
09.04.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZD000061
Идентификатор ЭКБ
39139
Идентификатор редакции
39139_318127
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:40

0 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі №563 «Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және азаматтарды 2008 жылдың көктемінде күзінде кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскер қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2008 жылдың сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын:
Атаяқов Бауыржан Джиенбайұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Менешов Біржан Нұрланұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Хайрова Ағайша Ермековна – терапевт, аудандық медициналық комиссиясының төрайымы
Жанғалиев Қоблан Мендыханұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Мұхатова Роза – аудандық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы
Асланбек Қадешов – аудандық «Нарын» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Қажет болған жағдайда оларды ауыстыратын резервтегі адамдар:
Бақытов Рашид Шораұлы – қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметкерлерді шақыру және келісім-шарт бойынша дайындау бөлімше бастығы,комиссия төрағасы
Жұмабекұлы Бекбол – аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымын қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары
Нүркенов Серік – хирург
Аудандық шақыру комиссиясынан (Б.Ж.Алтаяқов):
Мерзімді әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына мерзімді әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіруші азаматтарды дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету құралсын.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 8 тармағына сәйкес, медициналық қызметкерлердің және басқа да комиссия мүшелерінің, техникалық қызметкерлердің, шақыру пунктінде қызмет көрсетуші өзге де адамдардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босатылсын.
Аумақтық медицина бірлестігінен (Ә.Ғаббас):
Әскери шақыру кезінде медициналық комиссияның құрамын айқындап, соған арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті, тәжірибелі дәрігер-мамандар, медбикелер және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;
Әскери шақыру комиссиясы емдеу мекемесіне жіберген шақыртушыларды стационарлық тексеруден өткізу;
Осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орындар бөлуді қамтамасыз ету құралсын.
Аудандық ішкі істер бөлімінен (И.Бекқалиев):
Шақыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуы;
шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруге және шақыру пунктіне өткізуге арнайы полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.
Аудандық шақыру комиссиясынан (Б.Ж.Алтаяқов):
шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери кызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесін әскерге шақыруды жүргізу кезеңіне дейін сақтап аудан әкімдігіне бекітуге ұсыну сұралсын.
Ауылдық округтер әкімдеріне:
Азаматтарды шақыру пунктіне уақытында жеткізуді бақылау жауапкершілігі жүктелсін:
Азаматтарды шақыру пунктіне жеткізу үшін олардың басына ауылдық округі әкімі аппаратының маманын бөлу міндеттелсін;
Шақыру жасындағы азаматтарды Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне арнайы көлікпен жеткізуді ұйымдастырсын.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Алтаяқовқа азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өту барысы туралы мәлімдеп отыруды және қорытынды ақпаратты 2008 жылдың 10 шілдесіне және 2009 жылдың 10 қаңтарына дейін аудан әкіміне мәлімдеу тапсырылсын.
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №267 «2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (тіркеу №7-4-51/28.12.2007 жылғы «Орда жұлдызы» 2008 жылы 1 наурыз №9) қаулысының, аудан әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 50 «Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №267 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (тіркеу №7-4-51 08.12.2007 жылғы «Орда жұлдызы» 2008 жылы 1 наурыз №9) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының күштері жойылған деп танылсын.

2 2. Осы қаулы мемлекеттің тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енгізілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерғалиевке жүктелсін.

Действующая