2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 167
- Дата принятия
- 20.05.2008
- Показанная редакция
- 20.05.2008 · действующая 40193_320631.kaz
- Последнее изменение
- 20.05.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZH000065
- Идентификатор ЭКБ
- 40193
- Идентификатор редакции
- 40193_320631
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:27
0 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының, азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 563 Жарлығын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын іске асыру туралы» № 353 Қаулысын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 -II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімне (Е.Кабиров) /келісім бойынша/ 2008 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айлары аралығында шақыру күндеріне он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды әскери қызметке шақыру және оларды белгіленген мерзімде әскер қатарына жөнелту ұсынылсын.
2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
3
3. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін және әскер қатарына алынушы жастарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен облыстық жинақ пунктіне Орал қаласына жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлсін.