2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 33
- Дата принятия
- 28.02.2008
- Показанная редакция
- 28.02.2008 · действующая 40257_320906.kaz
- Последнее изменение
- 28.02.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZG000063
- Идентификатор ЭКБ
- 40257
- Идентификатор редакции
- 40257_320906
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:56
0 2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (М.Ғ. Ғабдушев) Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті шақыру туралы Жарлығына сәйкес, шақыру күніне 18-ге толған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жоғары жастағы ер азаматтарды 2008 жылдың сәуір- маусым, қазан-желтоқсаны ішінде мерзімді әскери қызметке шақырсын және оларды белгіленген мерзімде әскерге жөнелтсін.
1 1. №1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясынның құрамы бекітілсін.
2 2. Переметный (З.К.Нұрғалиева) және Дариян (Ғ.К.Еслямов) аумақтық медициналық бірлестіктері:
1 1) медициналық комиссияны медициналық-санитарлық жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етсін;
2 2) шақыру комиссияларымен емдеу мекемелеріне жіберілген шақырушылардың стационарлық және емханалық тексерулерін және емделуін қамтамасыз етсін. Осы мақсатқа қажетті төсек орындарын бөлсін;
3 3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Ж.Т.Жұмағалиев), Приурал полиция бөлімінің басшысы (Н.Н. Чиняев);
1 1) тіркеу кезінде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
2 2) шақырудан жалтаратын адамдарды анықтау және іздестіру бойынша шаралар алсын.
4 4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша көктемгі жәке күзгі шақырудың бүкіл кезеңіне қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлерді бөлсін.
5
5. Ауылдық округтердің әкімдеріне, меншік түрі мен ведомствалық бағынушылығына қарамастан кәсіпорын және ұйым басшылары шақырылушылардың шақыру комиссиясына және облысты жинақтау пунктіне дер кезде келуін қамтамасыз ету, шақырушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
6 6. Медициналық комиссияны өткізу кезінде 2005 жылы запасқа шығарылған әскери міндеттердің қайта куәландыруы өткізілсін.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М.Кулжановаға жүктелсін.
8 8. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы шақырудың қорытындысы туралы ақпаратты аудан әкімдігіне 2008 жылдың 1 шілдесіне және 30 желтоқсанына тапсырсын.
9 9. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап күшіне енеді.
14 Аудандық шақыру комиссиясының кұрамы
№1 қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 33 қаулысымен бекітілген
Аудандық шақыру комиссиясының кұрамы
Мадьяр Ғапарұлы Ғабдушев – комиссия төрағасы, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы;
Армат Амангелдіұлы Байғазиев - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
Юрий Юрьевич Дьяченко – комиссия мүшесі, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары; (келісім бойынша)
Ақкойсын Ғилыманқызы Аюпова- медициналық комиссияны төрайымы, Переметный селосы;
Надия Абриковна Ахметова - медициналық комиссияның төрайымы, Дариян селосы;
Надежда Яковлевна Ищенко – комиссия хатшысы,
Переметный селосы;
Камия Төребеққызы Жулаева - комиссия хатшысы, Дариян селосы.