Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 22-3
- Дата принятия
- 23.02.2010
- Показанная редакция
- 30.03.2011 · действующая 51099_201361.kaz
- Последнее изменение
- 30.03.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10ZK000116
- Идентификатор ЭКБ
- 51099
- Идентификатор редакции
- 51099_201361
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:58
0 Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-90 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы "Екпін" газетіне жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармағындағы:
1 тармақшадағы "35 000" деген сандар "50 000" деген сандармен өзгертілсін;
3 тармақшадағы "10 000" деген сандар "15 000" деген сандармен өзгертілсін;
4 тармақшадағы "10 000" деген сандар "15 000" деген сандармен өзгертілсін;
5 тармақшадағы "5 000" деген сандар "15 000" деген сандармен өзгертілсін;
2 2) 12 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Амбулаториялық ем қабылдап жүрген сүйемелдеу кезеңіндегі өкпе ауруларына жылына бір реттік материалдық көмек – 15 АЕК көлемінде.";
3) мынадай мазмұндағы 15 тармақшамен толықтырылсын:
"15) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай:
қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне - 5 000 теңге;
тыл еңбеккерлеріне - 3 000 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек."