Перейти к тексту документа

2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 16 · принят 24.12.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 24.12.2008
https://adilet.kz/ru/laws/2009-1992-ekb-43349/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Действует Иной акт ·№ 16 ·24.12.2008

2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Действует Иной акт ·№ 16 · принят 24.12.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
16
Дата принятия
24.12.2008
Показанная редакция
24.12.2008 · действующая AI43349_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
24.12.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08GJ000070
Идентификатор ЭКБ
43349
Идентификатор редакции
AI43349_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:13

0 2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Ж. Қарағуловқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2

2. Қаратау қаласының және ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. "Талас ауданы әкімиятының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4

4. Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының "Талас орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері М.К. Серімовке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.

5 5. "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.А. Бүркітбаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.

7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.