2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
ҚАЗ2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 16
- Дата принятия
- 24.12.2008
- Показанная редакция
- 24.12.2008 · действующая AI43349_0.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 24.12.2008
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08GJ000070
- Идентификатор ЭКБ
- 43349
- Идентификатор редакции
- AI43349_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 12:13
0 2009 жылы Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1
1. "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Ж. Қарағуловқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Талас ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
2
2. Қаратау қаласының және ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
3
3. "Талас ауданы әкімиятының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
4
4. Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының "Талас орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері М.К. Серімовке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.