Перейти к тексту документа

2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 78 · принят 11.12.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 11.12.2008
https://adilet.kz/ru/laws/2009-1992-ekb-43380/?version=AI43380_0.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Действует Иной акт ·№ 78 ·11.12.2008

2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Действует Иной акт ·№ 78 · принят 11.12.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
78
Дата принятия
11.12.2008
Дата введения в действие
17.01.2009
Показанная редакция
11.12.2008 · действующая AI43380_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
11.12.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08GH000072
Идентификатор ЭКБ
43380
Идентификатор редакции
AI43380_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:26

0 2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жолдасқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар- наурыз айларында Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2

2. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. "Т. Рысқұлов ауданы әкімиятының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4

4. "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының Т. Рысқұлов аудандық орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ш. Мырзалиевке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.

5 5. "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Исабековке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қарсыбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау департаментінің Т. Рысқұлов аудандық
орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Мырзалиев Шындос Кершайызұлы
11 желтоқсан 2008 ж.
"Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің" бастығы
Жолдас Бақытжан Жолдасұлы
11 желтоқсан 2008 ж.
"Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінің" бастығы
Исабеков Бақберген Айтжанұлы
11 желтоқсан 2008 ж.