"2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗ"2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- "2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 109
- Дата принятия
- 09.04.2009
- Показанная редакция
- 09.04.2009 · действующая 45409_175725.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 09.04.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09NO000109
- Идентификатор ЭКБ
- 45409
- Идентификатор редакции
- 45409_175725
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:25
0 "2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-96) сәйкес және халықтың ең осал жіктерін әлеуметтік қорғау мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "2009 жылға арналған Меңдіқара ауданының аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 шешімін іске асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 26 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-102, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2009 жылғы 19 ақпандағы № 8 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктері: мүгедектер, оралмандар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, жетім балалар, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысымен отбасылар санынан жастарға олардың жоғары медициналық немесе педагогикалық білім алуымен байланысты шығыстарын өтеу үшін, тек қана мемлекеттік білім гранттарының иегерлері, жоғары кәсіптік білім алу үшін мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен өзге де төлемдер түрлерін алушылар болып табылатын тұлғалардан басқа, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның (бұдан әрі-комиссия) шешімі бойынша ауданның еңбек рыногында талап етілетін кәсіптерге оқитын жастарға жоғары немесе орта арнаулы оқу орнымен шартта көзделген сомасы көлемінде әлеуметтік көмек беріледі";
13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына біржолғы әлеуметтік көмек 20000 теңге көлемінде";
қаулыға қосымшада 10-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін".