Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147-қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147-қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147-қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 1-қ
- Дата принятия
- 25.01.2010
- Показанная редакция
- 25.01.2010 · действующая AI50973_0.kaz
- Последнее изменение
- 25.01.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10MG000069
- Идентификатор ЭКБ
- 50973
- Идентификатор редакции
- AI50973_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:13
0 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147-қ "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 765 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс - қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 147-қ «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін қосымша шаралар туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 11-7-51 болып тіркелген, «Мұнайлы» газетінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 25(81) санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6 тармақтағы «15000» саны «20000» санымен ауыстырылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұнайлы ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі» қосымшасында:
мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
«3.Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыға нақты жұмыс атқарған уақыты үшін Қазақстан Ресупбликасының заңдарымен белгіленген 20000 мың теңге мөлшерінде жалақысын ай сайын олардың есеп шотына аударады.».