Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 770 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗСарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 770 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 770 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 770 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 655
- Дата принятия
- 14.09.2010
- Показанная редакция
- 24.11.2011 · действующая AI54857_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 24.11.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10UK000148
- Идентификатор ЭКБ
- 54857
- Идентификатор редакции
- AI54857_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:22
0 Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 770 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Аудандық коммуналдық меншік туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 770 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-11-111 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының 1-тармағы 2-тармақшасында «жайларды» деген сөзден кейін «бір айдан аспайтын мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықтың 17-тармағы мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кепілдік жарна жалға берілетін объектінің бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерінде есептеледі».
Нұсқаулықтың қосымшасы мына мазмұндағы 5 абзацпен толықтырылсын:
«Аудандық коммуналдық білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшін бір шаршы метрге айына 100 (жүз) теңге».