Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗАудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 26-1
- Дата принятия
- 08.04.2010
- Показанная редакция
- 30.07.2012 · действующая 51720_209006.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 30.07.2012
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10ZH000102
- Идентификатор ЭКБ
- 51720
- Идентификатор редакции
- 51720_209006
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:34
0 Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын басшылыққа алып Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың "Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 16-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-8-87 тіркелген, 2009 жылғы 18 мамырдағы, аудандық "Ауыл айнасы" газетінде N 24 санында жарияланған) шешімінің 1 тармағы төмендегі тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 50 мың теңгеден;
10) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне 10 мың теңгеден;
11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендерге 10 мың теңгеден;
12) Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне 5 мың теңгеден;
13) Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлеріне 3 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмек берілсін.