Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" № 25-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" № 25-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" № 25-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 28-5
- Дата принятия
- 15.04.2010
- Показанная редакция
- 24.12.2010 · действующая AI52187_1.kaz
- Последнее изменение
- 24.12.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10ZM000127
- Идентификатор ЭКБ
- 52187
- Идентификатор редакции
- AI52187_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:28
0 Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" N 25-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-120 тіркелген, 2010 жылғы 23 қаңтарында аудандық "Серпін" газетінде жарияланған N 3) N 25-5 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
3 тармағында:
Жерлеуге төленетін әлеуметтік көмек азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшелерінде белгіленсін.
Қайтыс болған адамның қайтыс болған күнінен бастап 1 жыл аралығында арыздануы керек.
4 тармағында:
Жеңіс күніне бейбітшілік уақытында қайтыс болған Ұлы Отан Соғысына қатысқандардың жұбайларына 5 000 теңге, тыл енбеккерлеріне 3 000 теңге көлемінде белгіленсін.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.