Аманкелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 126 "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аманкелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 126 "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы
- Наименование (каз.)
- Аманкелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 126 "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 56
- Дата принятия
- 05.03.2010
- Показанная редакция
- 05.03.2010 · действующая 51581_171923.kaz
- Последнее изменение
- 05.03.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10NF000109
- Идентификатор ЭКБ
- 51581
- Идентификатор редакции
- 51581_171923
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:50
0 Аманкелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 126 "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Бюджет Кодексінің" 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Аманкелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 6 қаңтарда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) № 126 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек белгіленсін:
1 1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
2 2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
3 3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 1 есе көлемінде;
4 4) техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары білім алуға байланысты шығындарды өтеу үшін халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын және жергілікті бюджет қаржысы есебінен оқитын жастарға әлеуметтік көмек;
5 5) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аз қамтылған азаматтарға емдеуінің қолдау фазасында қосымша тамақтандыруға 12 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
6 6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмысқа қажеттілігіне біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет айлық есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде.
2 2. "Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
1 1) оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тоқсан сайын айлық есептік көрсеткіштің 4 есе көлемінде.
3 3. "Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 жыл толуына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 жыл толуына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет 65000 теңге көлемінде.
4 4. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.
5 5. Төмендегілер белгіленсін:
1 1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім уәкілетті органның жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік кеңесімен комиссия ұсынысының негізінде шығарылады;
2 2) қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы), жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген жағдайда ғана тағайындалады;
3 3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;
4 4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейінгі жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады және қайтыс болған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға төленеді;
5 5) техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орындарында оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек тиісті оқу жылына оқу ақысы мөлшері жөнінде оқу орнының анықтамасының негізінде жылына 2 рет төленеді;
6 6) әлеуметтік көмек төлем алушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып, төленеді.
6
6. Әлеуметтік көмектерді қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету", "Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету", "Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 жыл толуына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
7 7. Қосымшаға сәйкес жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
Құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде салыстыру үшін ұсынылады.
Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы арыз берушіге қайтарылады, ал көшірмелері куәландырылады және іске тігіледі.
8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
9 9. Осы қаулы орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ М. Тобағабылов
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Т. Қарбозов
"Аманкелді ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________ Ж. Сеилова
24 Әкімдіктің
2010 жылғы 5 наурыздағы
№ 56 қаулысымен бекітілген
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар
тізбесі