Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 169 "Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 169 "Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 169 "Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 118
- Дата принятия
- 20.04.2010
- Показанная редакция
- 14.03.2011 · действующая AI52522_1.kaz
- Последнее изменение
- 14.03.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10UC000090
- Идентификатор ЭКБ
- 52522
- Идентификатор редакции
- AI52522_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:22
0 Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 169 "Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 765 Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту шараларына ықпал ету мақсатында Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы» Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 169 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-73 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 маусымында «Кентау шұғыласы» газетінің 25 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармағының:
5) тармақшадағы «жайлы Уәкілетті органды» деген сөздер «және жұмыстан босағаны жайлы Уәкілетті органды 3 күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың еңбек ақысы ай сайын бюджетте қаралған қаржы шегінде уәкілетті органмен төленеді.».