Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18-142-ІV "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18-142-ІV "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18-142-ІV "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 47-353-IV
- Дата принятия
- 04.10.2011
- Показанная редакция
- 21.12.2012 · действующая AI60804_1.kaz
- Последнее изменение
- 21.12.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V11UO000121
- Идентификатор ЭКБ
- 60804
- Идентификатор редакции
- AI60804_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 04:31
0 Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18-142-ІV "Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" Заңының 36 бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 37 тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1
1. «Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 18-142-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-74 тіркелген, 2009 жылдың 29 мамырында аудандық «Шартарап-Шарайна» газетінің № 322-315 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің тақырыбындағы «Біржолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» деген сөздер «Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1, 2 тармақтардағы және 1, 2 қосымшалардағы «жеке тұлғалар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген, «талонның төлемақы ставкалары» деген сөздер «талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылсын.