Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 620
- Дата принятия
- 29.12.2009
- Показанная редакция
- 18.10.2011 · действующая AI50447_1.kaz
- Последнее изменение
- 18.10.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09UF000091
- Идентификатор ЭКБ
- 50447
- Идентификатор редакции
- AI50447_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:26
0 Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын
бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 205 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-76 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымында "Қазығұрт тынысы" газетінің № 40 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек және басқа да қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі;
6-тармақтың 3-тармақшасы алынып тасталсын;
9-тармақта "қамтылуға тиіс" деген сөздер "қамтылады" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақта "міндетті" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын.