Перейти к тексту документа

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 30-4 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерту енгізу туралы

Положение · № 32-2 · принят 26.11.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 15.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2009-30-n-30-4/on/2026-08-15/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 30-4 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерту енгізу туралы Утратил силу Положение ·№ 32-2 ·26.11.2009
Редакция от 22.08.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 15.08.2026: от 22.08.2012. Это последняя редакция в корпусе.

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 30-4 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерту енгізу туралы

Утратил силу Положение ·№ 32-2 · по состоянию на 15.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 30-4 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерту енгізу туралы
Наименование (каз.)
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 30-4 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерту енгізу туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
32-2
Дата принятия
26.11.2009
Показанная редакция
22.08.2012 · действующая 49411_213628.kaz
Последнее изменение
22.08.2012
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09DH000131
Идентификатор ЭКБ
49411
Идентификатор редакции
49411_213628
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:55

0 Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 30-4 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерту енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-бабы 1-тармағының 2-1)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30-қыркүйектегі N 30-4 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2-8-128, 2009 жылғы 3 қараша, жарияланды N 47 "Еңбекшіқазақ" газетінде, 2009 жылғы 13 қараша) атауындағы және мазмұнындағы ереже деген сөздер қағида деп оқылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 26-қарашадағы
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 30-қыркүйектегі N 30-4
"Еңбекшіқазақ ауданының елді
мекендерінде иттерді және мысықтарды
күтіп ұстау" Ережесін бекіту туралы
шешіміне өзгерту енгізу туралы
N 32-2 шешімімен
Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау"
ҚАҒИДАСЫ

1 1. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстайтын ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және жеке азаматтар:

1 1) қалаларда, елді мекендерде иттерді жекеленген оңаша қораларда (қаланған аулада, учаскеде, торлы қорада) ұстау және байлап ұстауға;

2 2) иттерді пәтерден, жекеленген оңаша қорадан көшеге, жалпы аулаға шығару үшін қарғы бау, тұмсық топ пайдалану. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз тек отарларда, табындарда ұстауға рұқсат беріледі;

3 3) иттер, мысықтар ауырып қалған жағдайларда дереу мал дәрігерлік мекемеге хабарлау, ал адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда - медициналық және мал дәрігерлік мекемелерге хабарлау;

4 4) мал дәрігерлік мамандарының талап ету бойынша иттерді, мысықтарды қарауға, құтыру және басқа ауруларға қарсы сақтық егу жұмыстарын жүргізуге;

5 5) иттерді қала, селолық округтерінің мал дәрігерлік инспекторларының тізіміне тіркеу және тіркеу куәлігін (паспортын алу);

6 6) ит, мысық сатып алған және басқа қалаға, ауылға орын ауыстыратын азаматтар 5 күн ішінде мал дәрігерлік мекемеге өзгерістерді хабарлауы тиіс.

2 2. Иттерді сату, сатып алу, басқа аудандарға, облыстарға, мемлекеттерге апаратын жағдайда мал дәрігерлік құжат болу керек, құжатта ит құтыру ауруына 30 күн бұрын "егілген" деген белгі болу керек.

3 3. Қаланың, ауылдың ішінде, парктерде, алаңдарда, базарларда, қала көліктерінде кездесетін иесіз иттер, мысықтар (қарғы бауы, тұмсық торы болса да) қаңғыбас деп саналатын, аулаға және атуға рұқсат беріледі.

4 4. Адамды, малды қапқан иттерді иелері жедел мал дәрігерлік мекемеге алып келіп тексертіп, 10 күнге дейін оқшау ұстауға тиіс. Ал қағиданы сақтам ай иттерді бос жіберіп соның салдарынан адамды, малды екінші рет қапқан иттерді мал дәрігерлік инспекторлары шара қолдануға құқықты.

5 5. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Действующая