Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің «Көшелерге ат қою туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің «Көшелерге ат қою туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің «Көшелерге ат қою туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 4
- Дата принятия
- 04.04.2022
- Показанная редакция
- 04.04.2022 · действующая 166316_567846.kaz
- Последнее изменение
- 04.04.2022
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V22MCH27517
- Идентификатор ЭКБ
- 166316
- Идентификатор редакции
- 166316_567846
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 01.08.2026 02:41
0 Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің «Көшелерге ат қою туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШТІМ:
1 1. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің «Көшелерге ат қою туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-3-89 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақжігіт ауылындағы мына көшелерге:
«Бейнеу-Тәжен автомобиль жолына солтүстік-шығыс бағытынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы, Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Ақжігітмәдениет» үйі, «Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттары орналасқан көшеге – «Тәуелсіздік»;
«Тәуелсіздік» көшесіне оңтүстік – шығыстан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 38-50 тұрғын үйлер орналасқан көшеге – «Егемендік»;
«Тәуелсіздік» көшесінің солтүстігінен қиып өтетін, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 1-26, № 69-79 тұрғын үйлер орналасқан көшеге «Бейбітшілік» атаулары берілсін.».