Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 145
- Дата принятия
- 20.07.2009
- Показанная редакция
- 20.07.2009 · действующая 47028_178215.kaz
- Последнее изменение
- 20.07.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09NP000094
- Идентификатор ЭКБ
- 47028
- Идентификатор редакции
- 47028_178215
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:45
0 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-87 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
1-тармағы мына тармақшалармен толықтырылсын:
"29) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
30) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар".
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
КЕЛIСIЛДI:
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
___________________ М. Қаратаев
17 шілде 2009 жыл
"Науырзым ауданының қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________________ Р. Бөдекенова
17 шілде 2009 жыл
"Науырзым ауданының экономика
және бюджеттiк жоспарлау бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________________ А. Айтуарова
20 шілде 2009 жыл