Перейти к тексту документа

2009 жылы Шу ауданының аумағында тұратын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 10 · принят 15.12.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 27.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-43709/on/2026-08-27/
Напечатано 2026-08-27 · adilet.kz
2009 жылы Шу ауданының аумағында тұратын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Утратил силу Иной акт ·№ 10 ·15.12.2008
Редакция от 10.09.2015
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 27.08.2026: от 10.09.2015. Это последняя редакция в корпусе.

2009 жылы Шу ауданының аумағында тұратын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 10 · по состоянию на 27.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы Шу ауданының аумағында тұратын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы Шу ауданының аумағында тұратын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
10
Дата принятия
15.12.2008
Дата введения в действие
25.02.2009
Показанная редакция
10.09.2015 · действующая 43709_255346.kaz
Последнее изменение
10.09.2015
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09PC000212
Идентификатор ЭКБ
43709
Идентификатор редакции
43709_255346
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:25

0 2009 жылы Шу ауданының аумағында тұратын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің есебін жүргізу туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. "Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Ердосовке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шу ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2 2. Шу қаласы мен ауылдық, селолық округтер әкімдері "Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4

4. Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының "Шу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері А. Мұқатаев (келісім бойынша), Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының "Шу қаласының аймақтық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері М. Баширов (келісім бойынша), Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының "Шу қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С. Ақпаев (келісім бойынша), Жамбыл облысы әкімияты денсаулық сақтау басқармасының "Шу ауданының орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері А. Жақыпбеков (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.

5 5. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Жапабаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Наметқұловқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық Ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ш. Жапабаев
12 желтоқсан 2008 жыл
"Жамбыл облысы Шу ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К. Ердосов
12 желтоқсан 2008 жыл
"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау департаментінің Шу қалалық
ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
С. Ақпаев
12 желтоқсан 2008 жыл
"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау департаментінің Шу қаласының
аймақтық емханасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері
М. Баширов
12 желтоқсан 2008 жыл
"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау департаментінің Шу ауданының
орталық емханасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері
А. Жақыпбеков
12 желтоқсан 2008 жыл
"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау департаментінің Шу аудандық
орталық ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
бас дәрігері
А. Мұқатаев
12 желтоқсан 2008 жыл

Действующая