Перейти к тексту документа

Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Постановление · № 242 · принят 22.12.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 22.12.2008
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-44183/?version=AI44183_0.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы Действует Постановление ·№ 242 ·22.12.2008

Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

ҚАЗХалықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Действует Постановление ·№ 242 · принят 22.12.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Наименование (каз.)
Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
242
Дата принятия
22.12.2008
Показанная редакция
22.12.2008 · действующая AI44183_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.12.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08MG000034
Идентификатор ЭКБ
44183
Идентификатор редакции
AI44183_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:19

0 Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 - бабы 1 - тармағы 13), 14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II Заңының 5 - бабы 2- тармағына, 7 - бабы 2-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:

1 1) дәрігерлік - консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;

2 2) 50 жастан асқан әйелдер;

3 3) 55 жастан асқан ерлер;

4 4) толық 24 жасқа дейінгі оқу мекемелерінің түлектері;

5 5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;

6 6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;

7 7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;

2 2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:

1

1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге; дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға; 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға; асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға; 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізілсін.

2 2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге әлеуметік жұмыстарға қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін;

3 3) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім - шарттар жасалсын;

4 4) оқу мерзімінде қоғамдық көлікте жүруге, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға облыстың оқу орындарымен келісім - шарттар жасалсын. Кәсіби оқуға арналған ақы курстардағы оқуға қатысқан нақты уақытқа жұмыс уақытын есепке алудың табельдеріне және актіге сәйкес жүргізілсін.

3 3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Ж.К.Тұманбаева
22 желтоқсан 2008 ж