Перейти к тексту документа

2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 2 · принят 09.01.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 25.12.2009
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-44532/?version=44532_214719.kaz
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы Утратил силу Иной акт ·№ 2 ·09.01.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 2 · принят 09.01.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
2
Дата принятия
09.01.2009
Показанная редакция
25.12.2009 · действующая 44532_214719.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
25.12.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09ZC000073
Идентификатор ЭКБ
44532
Идентификатор редакции
44532_214719
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:04

0 2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Н. Кенжегалиев) Бөрлі ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеу өткізу ұсынылсын.

2

2. "Бөрлі аудандық аурухана" (А. Алекешева), "Бөрлі аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (Р. Жалиев) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді медициналық мүліктермен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Селолық, ауылдық округ әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан ұйым, кәсіпорын, мекемелер басшыларына тіркеу өткізілетін күндері:

1 1) қажетті техникалық жарамды көлік бөлу;

2 2) аудандық комиссия жұмыс күндері тіркеуге тиісті азаматтарды негізгі жұмыстан және оқудан босату, оларды шақыру пунктіне жеткізілуі үшін көлікпен қамтамасыз ету;

3 3) іс сапарда жүрген тіркеуге тиісті азаматтарды тіркеу үшін шақырып алу ұсынылсын.

4

4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Каиргалиев) Бөрлі ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

5

5. "Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Наурзалиев) тіркеуден бас тартқан, мерзімінде келмеген азаматтарды анықтап, 2009 жылдың 31 наурызына дейін шақыру пунктіне жеткізуде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көмек көрсетсін.

6 6. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидиховқа жүктелсін.