Перейти к тексту документа

Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 158 · принят 06.04.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 26.05.2010
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-45272/?version=AI45272_2.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 158 ·06.04.2009

Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗАзаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 158 · принят 06.04.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
158
Дата принятия
06.04.2009
Показанная редакция
26.05.2010 · действующая AI45272_2.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
26.05.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09UN000070
Идентификатор ЭКБ
45272
Идентификатор редакции
AI45272_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:27

0 Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 22, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру және 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында шақырылғандарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жіберу өткізілсін.

2 2. Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Арапбаев Сейіткәрім Сапарбайұлы
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Көлбаев Мәулен Андақұлұлы
Аудандық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Қожабеков Мәлік Амангелдіұлы
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша)
Молдахметов Ержан Құттыбекұлы
Аудандық емхананың дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Қартбаева Ғалия Джиенғалиқызы
Аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

3 3. Аудандық медицина бірлестігіне (келісім бойынша)

1 1) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің жанындағы шақыру бекетін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік мүлікпен қамтамасыз ету;

2 2) білікті дәрігер мамандар, кіші дәрігерлік қызметкерлерді жіберу;

3 3) шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеруге жіберілген азаматтардың уақтылы дәрігерлік тексеруден өткізу қамтамасыз ету және осы мақсатта аудандық ауруханада 10 жатақ емдеу орнын қарастыру ұсынылсын.

4 4. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (А.Айтбаева) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне салтанатты шығарып салу кезінде мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырсын.

5

5. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, меншік нысанасына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына кезекті әскери шақырылғандарды іс-сапарынан (демалыстардан) шақырып, олардың шақыру бекетіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

6

6. Ауылдық округ және поселке әкімдері әскери шақырылушылардың уақтылы хабарландырылуын, аудандық жиналу бекетіне уақтылы жиналуы мен жеткізілуін қамтамасыз етіп, өз өкілін бөлсін. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімін ұйымдастырсын.

7 7. "Т.Рысқұлов автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Қ.Сексенбаев – келісім бойынша) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшін жанар-жағармайы дайын және техникалық жағдайы жақсы автобустарды бөлу ұсынылсын.

8 8. Аудандық Ішкі істер бөлімі (С.Қасымбеков – келісім бойынша) әскери қызметтен бас тартып жүрген азаматтарға қолданған іс-шаралар жөніндегі мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне уақтылы өткізу ұсынылсын.

9 9. Аудандық қаржы бөлімі (Т.Есембаева) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.

11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Түлкібас аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің бастығы Т.А. Айдаров
6 сәуір 2009 жыл
Түлкібас аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы С.А. Қасымбеков
6 сәуір 2009 жыл
Түлкібас аудандық медицина
бірлестігінің бастығы А.Б. Ақшалов
6 сәуір 2009 жыл
"Т.Рысқұлов автобус паркі"
ЖШС-ның директоры Қ.М. Сексенбаев
6 сәуір 2009 жыл