Перейти к тексту документа

Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 188 · принят 06.04.2009
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 17.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-45308/on/2026-08-17/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 188 ·06.04.2009
Редакция от 01.01.2010
Редакция, действовавшая на 17.08.2026: от 01.01.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 188 · по состоянию на 17.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
188
Дата принятия
06.04.2009
Показанная редакция
01.01.2010 · действующая AI45308_2.kaz
Последнее изменение
01.01.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09UE000074
Идентификатор ЭКБ
45308
Идентификатор редакции
AI45308_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:27

0 Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Касетов Серік Тастемірұлы
аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Тоқпанбетов Мэлс
аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Кенжебаев Бақытқали Оңғарұлы
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Байғонов Әбужахил
орталық аурухананың ЛОР дәрігері медициналық сараптау комиссиясының төрағасы
Изтаева Салтанат
Алжанқызы
медбике, комиссия хатшысы

3 3. Аудандық медицина бірлестігіне (Е. Тұрабеков – келісім бойынша):

1

1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрігерлік комиссиясының жұмысы Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;

2 2) әскери дәрігерлік комиссияның қажетті құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін;

3 3) дәрігерлік комиссиясының емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастырсын;

4 4) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын.

4 4. Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (М. Дәулетбахов-келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасасын.

5 5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (Е. Тойжанов) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.

6 6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Адилов -келісімі бойынша):

1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу;

2 2) облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.

7 7. Осы қаулы аумақтық әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өтіп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Жолдасқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің бастығы Дәулетбахов Мұрат Шымкентбаевич
6 сәуір 2009 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімнің бастығы Адилов Асылхан Қозекеұлы
6 сәуір 2009 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары Қырғызбаев Марат Алпысбайұлы
6 сәуір 2009 жыл
Аудандық медицина
бірлестігінің бастығы Тұрабеков Есмехан Кеңесұлы
6 сәуір 2009 жыл

Действующая