Перейти к тексту документа

2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы

Постановление · № 2999 · принят 30.12.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 29.03.2010
https://adilet.kz/ru/laws/2009-i-ekb-44083/?version=AI44083_1.kaz
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы Утратил силу Постановление ·№ 2999 ·30.12.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы

ҚАЗ2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 2999 · принят 30.12.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
2999
Дата принятия
30.12.2008
Показанная редакция
29.03.2010 · действующая AI44083_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
29.03.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08UD000059
Идентификатор ЭКБ
44083
Идентификатор редакции
AI44083_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:06

0 2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға жiберу туралы

Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылға ұйымдардың тізбесі,қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін. (1-қосымша).

2 2. Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.А.Арысбеков) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған қала бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жүзеге асырылсын.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек-ақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.

4 4. Түркістан қаласының қаржы бөлімі (Б.Ибадуллаевқа) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Төрежановқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы Түркістан қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

7 2009 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

Түркістан қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 2999 қаулысымен бекітілген
2009 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
№ р/с
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың сандары
1
2
3
4
1
Ауыл округтерінің әкім аппараттары, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме ұйымдар
Қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
78
2
Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу
58
3
Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар(Түркістан тазалық және жарықтандыру ЖШС, қалалық жылжымайтын мүліктерді тіркеу және бағалау филиалы)
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмектесу, құрылыс саласындағы мекемелерге үй салуға көмектесу
230
4
Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар
Аймақты экологиялық сауықтандыру-көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көріктендіру
105
5
Ауыл округтерінің, қала кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар
Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
65
6
Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, қала аумағындағы мекеме-ұйымдар
Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
18
7
Ауыл округтерінің, қаланың кіші әкімдері, ішкі істер, Әділет басқармалары, әскери комиссариаты
Ішкі істер, Әділет басқармасы әскери комиссариат жұмыстарына көмектесу
46
Барлығы
600
Іс-жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы,қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Жұмыссыздардың еңбек ақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеу мүмкін.