Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с "Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с "Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с "Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 4-24c
- Дата принятия
- 05.11.2010
- Показанная редакция
- 06.08.2013 · действующая 55686_195463.kaz
- Последнее изменение
- 06.08.2013
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10SM000130
- Идентификатор ЭКБ
- 55686
- Идентификатор редакции
- 55686_195463
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:00
0 Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с "Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың «Уәлиханов ауданының жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 2-21с шешіміне (2010 жылғы 29 сәуірдегі № 13-13-121 мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген және 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 21 «Шұғыла» және «Ел тынысы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-ші тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Уәлиханов ауданының Құрметті азаматтарына;»
6-шы тармақта «қоғамдық көліктердің барлық түріне билет бағасының көлемінде тағайындалады, билет болмаған жағдайда жолаушыларды тасымалдайтын жеке кәсіпкерлердің анықтамасы бойынша» деген сөздер «елді мекеннен аудан орталығына және қайтып келуге қажет бензиннің есебіне сәйкес» сөздерімен ауыстырылсын;
8-ші тармақта «төленуін қамтамасыз етсін» деген сөздерден кейін «және бөлінген қаражаттардың нысаналы пайдаланылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін» деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Утекина
«Уәлиханов ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж. Ғабдуллин