Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28-3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28-3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28-3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 31-3
- Дата принятия
- 03.08.2010
- Показанная редакция
- 28.06.2011 · действующая AI54041_1.kaz
- Последнее изменение
- 28.06.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10ZL000096
- Идентификатор ЭКБ
- 54041
- Идентификатор редакции
- AI54041_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:37
0 Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28-3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28-3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-12-89 тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская Новь" газетінде N 21 жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
"6) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға), сондай-ақ жан басына шаққанда орташа табыстары 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетуге.".