Перейти к тексту документа

2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған азаматтарды Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Иной акт · № 10 · принят 11.12.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 21.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2010-1993-ekb-49328/on/2026-08-21/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған азаматтарды Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 10 ·11.12.2009
Редакция от 17.01.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 21.08.2026: от 17.01.2011. Это последняя редакция в корпусе.

2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған азаматтарды Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 10 · по состоянию на 21.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған азаматтарды Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Наименование (каз.)
2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған азаматтарды Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
10
Дата принятия
11.12.2009
Показанная редакция
17.01.2011 · действующая AI49328_1.kaz
Последнее изменение
17.01.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09CH000102
Идентификатор ЭКБ
49328
Идентификатор редакции
AI49328_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:47

0 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған азаматтарды Мәртөк ауданының шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасын,  37 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. 1993 жылы туылған азаматтарды және тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген жас мөлшерлері 17 жастан асып кеткен азаматтарды Мәртөк ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.

Тіркеу орны болып Мәртөк ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі белгіленсін.

2 2. Шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

Өзінің жұмысында комиссия Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алу ұсынылсын.

3 3. Аудандық Ішкі Істер бөлімі (келісім бойынша А.М.Шарипов) тіркеу орнында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында екі полиция қызметкерін бөлу ұсынылсын.

4

4. Аудандық Әділет басқармасы (келісім бойынша, басшының міндетін атқарушы Ә.Қ.Каукаев) жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, атын және әкесінің атын, туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы жеті күн мерзім ішінде хабарлау ұсынылсын.

5 5. Аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі (Н.Ө.Сәрсенбаев) осы шешімнің орындалуы жөнінде ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2010 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсынсын.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.

Аудан әкімі                  А.Әмірғалиев

Действующая