2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Наименование (каз.)
- 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 03
- Дата принятия
- 20.01.2010
- Показанная редакция
- 20.01.2010 · действующая AI50851_0.kaz
- Последнее изменение
- 20.01.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10MB000131
- Идентификатор ЭКБ
- 50851
- Идентификатор редакции
- AI50851_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:16
0 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1 1. 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
2 2. Шақыру учаскесі қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің базасында ұйымдастырылсын.
3 3. Село, ауыл әкімдері және ұйым басшыларына:
- 1993 жылы туған және бұдан бұрын тексеруден өтпеген азаматтардың қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
4 4. «Жаңаөзен қалалық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына /Әлқуатов Т.О./, «Жаңаөзен қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына /Бекназаров С.С./ төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
- 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру;
- 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
- азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорографияға, электрокардиаграммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
- созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін;
- дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2010 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізу.
5 5. Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөліміне /Ақшауов Б.Ы./ төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
- азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды қадағалау және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.
6 6. Жаңаөзен қалалық білім бөлімі /Боранбаева Қ.Қ./ орта және арнаулы білім беру мекемелерінің басшылары 1993 жылы туған жасөспірімдердің тіркеуге толық қатысуын қамтамасыз етсін.
7 7. Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі /Жантлеуова Р.Қ./ азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды 2010 жылға арналған қалалық бюджетте қаралған қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
8
8. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы хабарламаны қала әкіміне жазбаша түсіру қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне /Қонкаев Д.Т./ ұсынылсын.