"2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 27-2
- Дата принятия
- 06.09.2010
- Дата введения в действие
- 01.01.2010
- Показанная редакция
- 11.03.2013 · действующая 54361_177080.kaz
- Последнее изменение
- 11.03.2013
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10G0001753
- Идентификатор ЭКБ
- 54361
- Идентификатор редакции
- 54361_177080
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:25
0 "2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың 2010 жылғы 23 тамыздағы № 20-64/3408 тапсырмасына сәйкес және полиомиелиттің таралу қауіпі жағдайын болдырмау мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы №19-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1737 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қаңтарында № 3-4 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшада:
«Шығындар» бөлігінің 05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобының 253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінде:
020 «Диабет ауруларын диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету» бағдарламасы жолындағы «324 200» сандары «320 279» сандарымен ауыстырылсын;
027 «Халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырып сатып алу» бағдарламасы жолындағы «347 197» сандары «351 118» сандарымен ауыстырылсын.