"Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 шешімге өзгерістер енгізу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 шешімге өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- "Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 шешімге өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 27-8/5
- Дата принятия
- 30.12.2010
- Показанная редакция
- 25.07.2012 · действующая AI57304_1.kaz
- Последнее изменение
- 25.07.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10VK000129
- Идентификатор ЭКБ
- 57304
- Идентификатор редакции
- AI57304_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:20
0 "Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 шешімге өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94 Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 сәуірдегі 2009 жылғы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Зайсан аудандық мәслихатының «Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 3 қыркүйектегі 5-11-120 нөмірімен тіркелген, аудандық Достық газетінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 40, 2010 жылғы 9 қазандағы № 41 сандарында жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Осы шешімге қосымша беріліп отырған «Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінің 9 тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Отбасының өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табысы туралы анықтамалары берілгенде, коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектері қоса беріледі»;
27 тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Құжат бойынша расталған табыс түрлеріне еңбек етуден, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттен түсетін табыстар жатады».