2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 552
- Дата принятия
- 30.12.2009
- Дата введения в действие
- 21.02.2010
- Показанная редакция
- 06.10.2010 · действующая AI50310_2.kaz
- Последнее изменение
- 06.10.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09GJ000093
- Идентификатор ЭКБ
- 50310
- Идентификатор редакции
- AI50310_2
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:24
0 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3 3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы Қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Талас аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Бүркітбаев
30 желтоқсан 2009 ж.
6 2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі
Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 Қаулысына № 1-қосымша
2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі
1 1. «Қаратау қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
2 2. «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9 Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақасының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері
Талас ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 552 Қаулысына № 2-қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,
сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақасының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары
Сұраныс
Ұсыныс
Қатысушылардың еңбекақасының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері
1
Көркем безендіру, көгалдандыру және қайта жаңғырту жұмыстары
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі-6 ай.
Қала бойынша көркем безендіру-50 километр. Қайта жаңғырту жұмыстары -3276 шаршы метр, қоқыстан тазарту-1600 тонна.
18
18
18110 теңге
Жергілікті бюджеттен
2
Нысанды күзетуге көмектесу
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.
4
4
18110 теңге
Жергілікті бюджеттен
Барлығы:
22
22