Перейти к тексту документа

2010 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 144 · принят 25.01.2010
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 20.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-50454/on/2026-08-20/
Напечатано 2026-08-20 · adilet.kz
2010 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы Утратил силу Иной акт ·№ 144 ·25.01.2010
Редакция от 07.07.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 20.08.2026: от 07.07.2010. Это последняя редакция в корпусе.

2010 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 144 · по состоянию на 20.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2010 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
144
Дата принятия
25.01.2010
Показанная редакция
07.07.2010 · действующая AI50454_1.kaz
Последнее изменение
07.07.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10VM000069
Идентификатор ЭКБ
50454
Идентификатор редакции
AI50454_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:14

0 2010 жылы Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы, 13 тармақшасы, 37 бабы және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы негiзiнде, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамды деңгейiн анықтау мақсатында ШЕШЕМІН:

1

1. 2010 жылдың қаңтар-науырызында тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Огнев көшесi, 38 үй мекен-жайы бойынша «Катонқарағай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi – қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм) шақырту учаскесiнде тiркеу өткiзiлсiн.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрiгерi Ж.Б. Тлеуберлинге (келiсiм бойынша) дәрiгерлiк куәландырудан өткiзу үшiн қажеттi дәрiгер, орташа медициналық персоналдың, сондай-ақ құрал-жабдықтардың қажеттi санын бөлу ұсынылсын.

3

3. «Катонқарағай ауданының қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Г.Қ. Болғамбаева медициналық комиссияны қаржыландыру, шақырту учаскесiне тiркелетін азаматтарды және әскери оқу орындарына түсетiн үмiткерлердi медициналық куәландырудан өткізу, бекітілген жылдық бөлшектiк қаржыландыру жоспарына сәйкес, ауданның бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлсiн.

4 4. Ауылдық округтердiң әкiмдерi тiркелуге жататын азаматтарды уақтылы хабардар етіп, бекiтiлген кестеге сәйкес, ұйымшылдықпен келуiне тиісті шаралар қабылдасын.

5 5. «Катонқарағай ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы М.С. Ішкібаевқа (келiсiм бойынша) тiркеуден өткiзу кезiнде шақырту учаскесiнде құқық тәртiптiң сақталуын, шақырту учаскесiне тiркелуден жалтарған адамдарды iздестiруді қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Д. Чүкібаева тiркеудi өткiзу кезінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтар арасынан техникалық қызметкерлерді бөлсiн.

7 7. Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi бастығы А.Д. Қаңтарбаевқа (келiсiм бойынша) тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тiркеуден өткiзудiң қорытындылары туралы аудан әкiмiн хабардар ету ұсынылсын.

8 8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ. Сәдуовқа жүктелсiн.

9 9. Шешiм алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

Действующая