2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
- Наименование (каз.)
- 2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 57
- Дата принятия
- 25.01.2010
- Показанная редакция
- 23.05.2011 · действующая AI50627_1.kaz
- Последнее изменение
- 23.05.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10UO000088
- Идентификатор ЭКБ
- 50627
- Идентификатор редакции
- AI50627_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:13
0 2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Ілесов) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2010 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
Шардара ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 25 қаңтардағы
№ 57 қаулысымен бекітілген
2010 жылға қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам
1
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдері, ауылдық округтер әкімдері аппараттары
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
100
2
Қала әкімінің аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Ағаштар отырғызу, қаланы көріктендіру жұмыстарына жәрдемдесу
314
3
Аудан әкімінің аппараты, аудандық білім бөлімі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық білім беру ұйымдары
Әлеуметтік мәдени маңызы бар нысандарды, үйлерді салуға
және жөндеуге қатысу
10
4
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Шардара аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық қорғаныс істері бөлімі, Шардара аудандық соты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
28
5
Аудан әкімінің аппараты
Іс жүргізу жұмыстарына көмектесу
6
6
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Шардара аудандық бөлімшесі
Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жұмыстарына жәрдемдесу
6
7
Шардара аудандық әділет басқармасы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстары бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу
6
Барлығы:
470