Перейти к тексту документа

Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2010 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Постановление · № 27/2 · принят 24.02.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 28.06.2013
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-51583/?version=51583_212514.kaz
Напечатано 2026-08-27 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2010 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы Утратил силу Постановление ·№ 27/2 ·24.02.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2010 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

ҚАЗХалықтың нысаналы топтарын белгілеп 2010 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Утратил силу Постановление ·№ 27/2 · принят 24.02.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2010 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Наименование (каз.)
Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2010 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
27/2
Дата принятия
24.02.2010
Показанная редакция
28.06.2013 · действующая 51583_212514.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.06.2013
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10PE000075
Идентификатор ЭКБ
51583
Идентификатор редакции
51583_212514
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:56

0 Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2010 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Баянауыл ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылады:

1 1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;

2 2) 50 жастан асқан әйелдер;

3 3) 55 жастан асқан ерлер;

4 4) 29 жасқа дейінгі жастар;

5 5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;

6 6) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;

7 7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;

8 8) жыл ішінде жоғарғы, арнаулы орта және жалпы орта білім беретін оқу орындарын бітіретін түлектер.

2 2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталады:

1

1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға, зейнеткерлік алдындағы жасқа келген азаматтарға (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізіледі;

2 2) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім-шарттар жасайды.

3

3. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге, уақытша әлеуметтік жұмыс орнын құруға және оқу мекемелерін бітірген жастарды тәжірибиесін өткізу үшін кез-келген нысандағы жеке меншік кәсіпорындар және ұйымдарымен (келісім бойынша) келісім-шарттар жасайды.
Жұмыс беруші жағынан қаржыландыру үлесі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган мен жұмыс беруші арасында жасалған келісім-шартпен анықталады.

4 4. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырады.

5

5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 15 шілдедегі "Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2009 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы" № 108/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 12-5-66 тіркелген, 2009 жылғы 14 тамыздағы № 35 (230) "Баянаул баурайы" газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.